Ауданға еліміздің түкпір-түкпірінен келген қонақтар, байқау қатысушылары Сырым шыққан төбедегі кесенеден қарсы алынды. Аудан әкімі Төлеген Төреғалиев Қадырдың өлеңімен жылы лебізін білдірсе, В. И. Шубин атындағы орта мектептің тарих пәнінің мұғалімі Ғарифолла Ғабдолов ауданның тарих сырын бүгіп жатқан қасиетті топырақта орналасқанын айтты.

Саз мектебінің мұғалімі Дархан Қажығалиев ауылдың алты ауызын шырқады. Қонақтар Сырым кесенесіне гүл шоғын қойып, тәу етіп, ақ пен бауырсақтан ауыз тиіп, аудан орталығы Жымпитыға жол тартты.