Бүгін Жалпы білім беретін Жырақұдық орта мектебінде «Нұр Отан» партиясының «Ардагерлерді ардақтайық» жобасы аясында «Нұр Отан» партиясы Қособа бастауыш партия ұйымы, ауылдық ардагерлер кеңесінің ұйымдастыруымен тыл еңбеккері Джумагулова Мәдина апайдың 80 жасқа толуына байланысты салтанатты шара өткізілді. Шараға ауыл ақсақалдары, «Жалын» жастар қоғамдық ұйым мүшелері, ЖББ Жырақұдық орта мектебінің ұжымы, Аяқкөл және Жырақұдық ауылдық кітапханаларының кітапханашылары қатысты.

«Нұр Отан» партиясы Қособа бастауыш партия ұйымының төрағасы Жұмабай Аспендиярұлы алғыс хат пен естелік сыйлық табыс етсе, ардагерлер кеңесінің төрағасы Т.Шарифуллин аудандық ардагерлер кеңесінің алғыс хатын табыстады. Ауыл ардагерлері апамыздың Қособа ауылы үшін атқарған жұмыстары туралы атап өтсе, Мәдина апамыз өзінің балалық шағынан бүгінге дейінгі өмір жолдарын оқушыларға айтып берді. Жиын соңы ЖББ Жырақұдық орта мектебі оқушыларының концерттік бағдарламасымен жалғасты.