Бүгін ЖББ Ж. Досмұхамедов атындағы ОМБК-де «IQANAT» республикалық олимпиадалық байқауының аудандық іріктеу кезеңінің II туры өтуде.

Оқу жылының қараша айында іріктеу кезеңіне аудан мектептерінің 66 оқушысы қатысып, II турға 22 оқушы өткен болатын.

Ашылу салтанатында сөз алған Сырым аудандық білім беру бөлімінің басшысы Дайыр Сапаров оқушыларға арнайы сертификатты табыстады.

"IQanat "Білім қорының Батыс Қазақстан облысы бойынша үйлестірушісі Жанат Танабаева сөз сөйлеп, қоғамдық қордың алдыңғы кезеңдері туралы айтып өтті.

Олимпиаданың III туры жазғы кезеңге ұйымдастырылып отыр. II турдан сүрінбей өткендер Назарбаев университетінің базасында жазғы лагерьмен бірге тіл үйрену курстарынан өте алады. Республикалық кезеңге дейін жетіп, жеңімпаз атанғандар шетелдің және еліміздің үздік ЖОО-ның білім гранттарын иеленетін болады.

Озаттардың ішінен ең мықтысын таңдайтын білім додасына тек 9-сынып оқушылары қатыса алады.

Осы байқау аясында «IELTS » тестілеуіне де дайындықтар жүргізіледі. Мектеп оқушылары үшін құлаққағыс, келесі жылға өтінімдер қабылдау “IQanat.kz ” сайтында жүзеге асырылады.

.