Өлеңті өзені жағасында аудандық білім беру бөлімі жəне "Жас туристер станциясы" МКҚК-ның ұйымдастыруымен Алаш қозғалысының 100 жылдығына орай білім беру қызметкерлері арасында «Ақшақар – 2017» атты шаңғы жарысы өтті. Ауа райының салқындығына қарамай барлығы 20 команда сынға түсіп, жалпы командалық есеп бойынша А.Жұмағалиев ОМБК І орын, Көгеріс НМ ІІ орын, жас туристер станциясы ІІІ орын иеленді. Ерлер арасында І орынды Абай ОМБК Айтимов Нұрсұлтан, əйелдер арасынан жас туристер станциясы педагогі Ишангалиева Меруерт иеленді. Аудандық білім беру бөлімінің арнайы сыйлығымен Сырым ОМБК командасы мен Бұлдырты ОМ педагогі Джанузакова Диана марапатталды.