Жиналысқа Батыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар Департаменті бастығының орынбасары, подполковник Ахметжанов Ақылбек Қосманұлы, аудан әкімінің орынбасары Ахметов Ерболат Әжмұханбетұлы, Сырым аудандық Төтенше жағдайлар бөлімінің бастығы, азаматтық қорғау майоры Жасталап Ғабит Ығылманұлы, №12 өрт сөндіру бөлімінің бастығы, азаматтық қорғау аға лейтенанты Галиев Қанат Бауыржанұлы, аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері және №12 өрт сөндіру бөлімінің жеке құрамы қатысты.

Жиналысқа төрағалық еткен Батыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар Департаменті бастығының орынбасары Ахметжанов Ақылбек Қосманұлы Батыс Қазақстан облысы аумағында 2018 жылы және 2019 жылғы І тоқсандағы төтенше жағдайлардың қорытындысы туралы баяндап өтті.

Күн тәртібі бойынша өткен жылдың қорытындысы және 2019 жылдың І тоқсандағы төтенше жағдайлардың қорытындысы туралы Сырым аудандық Төтенше жағдайлар бөлімінің бастығы, азаматтық қорғау майоры Жасталап Ғабит Ығылманұлы хабарлама жасады.

Биылғы жылы қыс мезгілінде аудандық ТЖБ қызметкерлері «Қазавтожол» №39 ЖПУ қызметкерлерімен бірлесіп, республикалық және аудандық маңызы бар тас жолдарында қар құрсауында қалып қойған автокөліктердің жолаушыларына дер кезінде көмектер көрсетіліп, 77 адамға эвакуациялау жұмыстары жүргізілді. 
2019 жылғы су тасқынын алдын алу және болдырмау мақсатында, аудан орталығынан 6100 метр.куб қар шығарылды. Аудандық және республикалық маңызы бар жолдардағы құбырларға тазарту жұмыстары жүргізілді.

Қазіргі таңда аудан бойынша, қоқыс жану оқиғалары көбеюде, оның бірден-бір себебі: аудан тұрғындарының өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтамай, қоқыстарын өртеуі. Жыл басынан бері, аудан аумағында 10 қоқыс жану оқиғасы тіркелді. Қоқыс жану оқиғаларын алдын алу мақсатында, Төтенше жағдайлар бөлімі қызметкерлерімен сенбі - жексенбі күндері рейд жұмыстары жүргізіліп, 5 жеке тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Алдағы уақытта да рейд жұмыстары жалғасатындығы туралы баяндады.

Келесі сөз кезегін алған №12 өрт сөндіру бөлімінің бастығы, азаматтық қорғау аға лейтенанты Галиев Қанат Бауыржанұлы аудан көлемінде орын алған өрт оқиғалары және бөліммен атқарылған жұмыстар жөнінде баяндады.

Төтенше жағдайлар Департаменті бастығының орынбасары, подполковник Ахметжанов Ақылбек Қосманұлы баяндамаларда назарға алып Төтенше жағдайлар және өрт сөндіру бөліміне тиісті тапсырмалар берді. Осыған қоса, биылғы жылғы оқу бітіретін жас түлектерге ҚР ІІМ ТЖК Көкшетау техникалық институтына оқуға түсуге ниет білдірушілерге түсінік жұмыстарын өткізіп, кеңінен насихат жұмыстарын жүргізуді тапсырды.