Аудан әкімдігінің үлкен мәжіліс залында мемлекеттік қызметшілердің әдебі жөніндегі жиналыс өтті. 

Жиынға Сырым ауданы әкімінің орынбасары Асланбек Сарқұлов, Батыс Қазақстан облысы әкімі аппаратының әдеп жөніндегі уәкілі Жанар Жұмағазиева, Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Батыс Қазақстан облысы аумақтық инспекция басшысының орынбасары, әдеп жөніндегі уәкіл Шолпан Қайырмұханова, аудан әкімі аппаратының, мәслихат аппаратының қызметкерлері, ауылдық округ әкімдері, дербес бөлім басшылары қатысты.

Мемлекеттік қызметшілердің әдебі туралы облыстық әкімі аппаратының әдеп жөніндегі уәкілі Жанар Жұмағазиева мемлекеттік қызметшінің әдебі туралы айтты. 
– Мемлекеттік қызметші телефонмен сөйлескенде, мекеменің атауын, өзінің аты-жөні мен лауазымын таныстыруы керек. Бұл әңгіменің қызметтің бағытта өрбуіне әсер етеді. Дауыс көтеріп, этиканы бұзуына болмайды. Мемлекеттік қызметші тек классикалық үлгідегі түс пен сәнде киім киюі тиіс. Алдына келген адамдармен тек қызметтік қарым-қатынаста сөйлесіп, туыстық, жершілдікке жол беруіне болмайды. Мінез-құлық стандарттарын сақтап, пікірсайыста да сыпайылықтан аспауы керек. 

Мемлекеттік қызметшіге туған күнді ішімдікпен тойлауына тыйым салынған. Мейрамханадағы өткізілетін тойларына шақыратын қонағының саны 120-мен шектелген. Сондай-ақ мемлекеттік қызметшілерге несие ресімдеуге кеңес берілмейді. Жұмыстан тыс уақытта қоғамда резонанс тудыратын жағдайлардан өзін аулақ ұстауы керек,–дейді Жанар Дүйсенғалиқызы.

Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Батыс Қазақстан облысы аумақтық инспекция басшысының орынбасары, әдеп жөніндегі уәкіл Шолпан Қайырмұханова сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және болдырмау жөнінде айтты.

Жиынды Сырым ауданы әкімінің орынбасары Асланбек Сарқұлов қорытындылады. 


Шынар МОЛДАНИЯЗОВА