Бүгін 7 мамыр Отан қорғаушылар және 9 мамыр Ұлы Жеңістің 74 жылдығына орай "Айбын"әскери -патриоттық сайысы оздырылған болатын. Әскери - патриоттық жарыстың салтанатты ашылу рәсімінде аудан басшысы Төлеген Төреғалиев мерекемен құттықтап,қатысушыларға сәттілік тіледі. 

Аталған сайыстың мақсаты, жас жеткіншектердің бойында патриоттық сезімді күшейтіп, әскери негіздерге баулу. Айта кетейік, жарыс тек әскери бағыттағы бөлімдерден емес, сонымен қатар ұшқыр ойды, білімділікті талап ететін кезеңдерден тұрды. Аудан орталығы мен ауылдық округ мектептерінің оқушыларынан құралған 13 команда 9 сайыс түрі бойынша бақ сынады. Оқушылардың бойында әскери дайындық пәнін игерудегі белсенділіктері өте жоғары деңгейде екендіктерін аңғартты. Қорытынды есеп бойынша жеке марапатталғандармен қатар, командалық есепте жүлделі 3 орынды В.Шубин орта мектебі, жүлделі 2 орынды А.Жұмағалиев орта мектебі командалары иемденсе, Қ.Мырзалиев орта мектебі командасы жеңіс тұғырынан көрінді.Жеңімпаздар мен жүлдегерлер арнайы сыйлық пен және алғыс хаттармен марапатталды. Аталған шараның өтуіне ұйытқы болған аудандық білім беру бөлімі, жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығы, "Сырым жастары" жастар қоғамдық бірлестігінің ұжымдары.

 

Мархат Гумарова