Бүгін Сырым ауданында Ұлы Жеңіс күніне орай салтанатты шара оздырылды.Жымпитыдағы Ұлы Отан соғысында қаза тапқан жерлес жауынгерлердің құрметіне қойылған ескерткіштің басында болған салтанатты жиында аудан басшысы Төлеген Төреғалиев аудан тұрғындарын атаулы мерекемен құттықтап, елдің тыныштығы үшін жанын пида еткен жауынгерлердің ұмытылмай, ерліктері ұрпаққа үлгі екендігін тілге тиек етті. Ұлы Отан соғысының ардагері, жерлесіміз Абдолла Жұмағалиевтің інісі Жұмағалиев Шайдолла ақжарма тілегін жолдады. 

Аудандық мешіттің бас имамы Әлішер Ералиев соғыста шейіт болған жауынгерлердің руxына Құран бағыштап, кейін тыл ардагерлері, мекеме басшылары, аудан тұрғындары " Мәңгілік алауға" гүл шоқтарын қойды. 

Салтанатты шара орталық алаңда мерекелік концертке ұласты.