Сұрапыл соғыс жылдары тылда қызмет еткен еңбеккерлердің еңбегі мен жеңісті жақындатуға қосқан үлестері аз емес.

Майданға аттанған солдаттардың ас-суын, киім-кешегін уақытылы жеткізумен қатар ауылда қалған үлкен кісілер мен шиеттей бала-шағаның қамын қоса арқалап, тылда толассыз еңбек еткен жандарды болашақ ұрпаққа бейбіт өмір сыйлаған ардақты жандар деп сый-құрмет жасасақ артық емес. Бүгін дәл осындай еңбектерімен жеңіс күндерін жақындатуға үлес қосқан тыл ардагерлері, ауданымызда әр жылдары қызмет жасаған еңбек ардагерлері және Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің жесірлеріне арналып мерекелік дастарxан жайылып, құрмет көрсетілді. 

Сонымен қатар тыл ардагерлері Валитов Сакко мен жұбайы Фатима және Кенеева Қыздарxан аналарымыздың үйіне аудан басшысы Төлеген Төреғалиев пен аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Әнуар Галимов барып, айтулы мейраммен құттықтап, xал- жағдайларын білісіп қайтты. Қазіргі таңда тоқсанның төріне шыққалы отырған Қыздарxан ана сұрапыл соғысты ұрпағымыз көрмесе екен деп тілегін жолдаса, Сакко атай мен Фатима әже ақ баталарын беріп, жеңіс тұғыры мәңгілік болсын деп игі тілектерін айтты