Ауданымызда мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыруда мекемелерде қызмет атқарып жүрген жастардың орны ерекше. Аудан көлемінде өтетін шараларда мекемелерде қызмет атқаратын белсенді жастарды ұйымдастыруда жаңа форматтың қажеттілігі байқалады. Осы мақсатта сырым аудандық жастар ресурстық орталығы мен "Сырым жастары" ЖҚ бастамасымен мекемедегі белсенді жастарды топтастырып, жүйелі байланыс орнату мақсатында, арасынан көшбасшы тағайындап аудандағы жастар саясатына үн қосу мақсатында аудан жастарының комитеті құрылмақшы.

Бүгін ЖББ Қ.Мырзалиев атындағы ОМ де және ЖББ Ж.Досмухамедов атындағы ОМБК де мекеменің жас қызметкерлерінің қатысуымен Жастар комитетінің мақсат міндеттері мен атқаратын жұмыс бағыты түсіндірілді.

Кездесу соңында мекемедегі жастар комитеттерінің төрағалары мен төрайымдары сайланды.
Алдағы уақытта жастар көп шоғырланған мекемелерде жастар комитеттері құрылады.