ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің Спорт және дене шынықтыру істері комитеті, ҚР Спорттық бағдарлау федерациясы, Ақмола облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының ұйымдастыруымен 2019 жылдың 1-5 мамыр күндері аралығында Ақмола облысы Щучинск қаласында спорттық бағдарлаудан кросс, велокросс бойынша халықаралық “Бурабай -2019” жарысы оздырылды.

Жарысқа ҚР-ның 8 облысынан, көршілес Ресей, Қырғызстан және Марокко мемлекетінен барлығы 360 спортшы қатысты. Аталмыш жарыста облыс намысын қорғау үшін Сырым ауданынан спорттық бағдарлау үйірмесіне қатысатын Ж. Досмұхамедов атындағы орта мектептің 6 сынып оқушысы Аяулым Сырымбет және Қ. Мырзалиев атындағы орта мектептің 7 сынып оқушысы Гулнафис Базарбаева және аудандық жас туристер станциясы мекемесінің педагогы Бейбіт Батыршин қатысты.

Бес күндік жарыстың қорытындысы бойынша Бейбіт Ахметұлы велокросс қашықтығында жақсы нәтиже көрсетіп, жарыс жеңімпазы атанды. Ал оқушы қыздарымыз халықаралық жарыста жақсы нәтиже көрсетіп, біліктіліктерін шыңдап, дипломмен марапатталды.