18.05.2019 Бүгінгі жәрмеңке әдеттегіден ерекше ұйымдастырылды. Жәрмеңкенің ашылу рәсімі өтіп, аудан әкімінің орынбасары Ерболат Ахметов қатысып, сөз сөйледі.

Он екі ауылдық округ түгел ауыл шаруашылық өнімдерін әкелді. Жетікөл ауылдық округінен көкөніс өнімдері – картоп, қияр, помидор, алма саттыққа ұсынылды. Жымпиты ауылдық округі балық пен картоп, қоян шығарды. Қалған ауылдық округтер ет, сүт өнімдерін сатты. Жәрмеңкеде 3 қойдың, 2 сиырдың, 1 жылқының еті халыққа арзан бағамен ұсынылып, тез өтіп кетті.

Аудандық "Демалыс орталығы" концерт ұйымдастырса, "Қайсар" спорт клубы қол күресінен жарыс өткізді.

Әр сенбі сайын өтетін алдағы жәрмеңкелерде 4 ауылдық округтен ауыл шаруашылық өнімдерін саттыққа шығаратын болады.