18.05.2019 Аудандық мәдениет үйінде "Жас дарын-2019" шеруі өтті. Фойеде білім, өнер, спорт саласында жетістіктерге ие болған оқушылардың марапаттарынан көрме ұйымдастырылды.

Аудан әкімінің орынбасары Асланбек Сарқұлов республикалық пән олимпиадаларынан жүлде алған, ғылыми жобалар байқауының, республикалық турнирдің жүлдегер оқушыларын марапаттады.

Үздіктер мектебі" жылжымалы кубогін Қ. Мырзалиев атындағы орта мектебі иеленді.
Шарада Үлгілі "Аружан", Үлгілі "Айналайын" би ансамблінің үлкен және орта тобы, "Қызғалдақ", "Айкөркем",би ансамбльдері, "Шаттық", "Керім-ай" би топтары марапатталды.
Аудандық Балалар саз мектебінің" Көктем" ансамблі, "Илигай" триосы мен Ж. Досмұхамедов атындағы орта мектеп-балабақша кешенінің "Өлеңті" жайдарман тобы дарындылар қатарында сый-сияпатқа ие болды.

Халықаралық, республикалық, облыстық додаларда топ жарған жекелей оқушыларға алғыс хат табысталды. Спорттық жарыстардың командалық, жекелеген жүлдегерлері де марапатталды.