20.05.2019 Өткен жұмада аудан әкімдігінің кіші мәжіліс залында Сырым ауданы бойынша 2019 жылғы үйірлі шегірткелерге қарсы химиялық улау жұмыстары туралы штаб отырысы өтті.

Сырым аудандық аумақтық инспекциясы өсiмдiктердi қорғау саласындағы мемлекеттiк саясаттың негiзгi мiндеттерi: қолайлы фитосанитариялық ахуалды қамтамасыз ету, фитосанитариялық iс-шараларды жүргiзу кезiнде пестицидтердiң (улы химикаттардың) адамдардың денсаулығына зиянды әсерiнiң, ауыл шаруашылық өнiмi, қоршаған орта ластануының алдын алу және оларды болдырмау болып табылады. Штаб отырысына аудан әкімі Төлеген Төреғалиев, ҚР АШМ АӨК МИК БҚО аумақтық инспекциясының басшысы Лавр Хайретденов, бөлім басшылары мен ауылдық округ әкімдері қатысты. Мониторингтік зерттеу жұмыстары көрсеткендей,2019 жылы 51,260 мың.га өңделуге жататын жер көлемі анықталды.Аса қауіпті зиянды зиянды организмдер мен шегірткелерге қарсы жүргізілетін арнайы жоспармен аудандық аумақтық инспекцияның басшысы Азамат Өтепов таныстырып өтті. Биылғы жылы химиялық улау жұмыстары әрбір округтің далалық жайылымдық жерлерінің әр түрлі болуына байланысты қарқынды жүргізілетін болады.