2019 жылдың мамыр айының 22 күні Батыс Қазақстан облысы Сырым ауданы әкімдігінің мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің бас маманы «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ Батыс Қазақстан облысы бойынша филиалы – «Халыққа Қызмет Көрсету орталығы» департаментінің Сырым аудандық бөліміне келген аудан тұрғындарына «АХАЖ-Е» электронды мұрағатындағы 1937-2008ж.ж. азаматтық хал актілерін өзектендіру мәселесі бойынша түсіндіру жұмысын жүргізді, сондай-ақ Әр-бір азамат-азаматша өздерінің сандық электрондық қолтаңбасы арқылы «Электронды үкімет» порталына кіріп, өзінің акт жазбасын қарап, онда қателіктер болса, қызмет алған кезде қағаз жүзіндегі құжаттар мен ақпараттық жүйедегі сәйкессіздіктер анықталса, қате енгізілген мәліметтеріңізді түзетуге тиісті өтінішті беру үшін «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» комерциялық емес акционерлік қоғамының филиалдарына немесе Батыс Қазақстан облысы Сырым ауданы әкімдігінің мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөліміне сондай-ақ тиісті түзетулерді жүргізу үшін Батыс Қазақстан облысының Әділет департаментіне жүгінуге болатыны туралы түсінік жұмыстары жүргізілді.

 

 

Бөлімнің бас маманы А.Ишмуханова