Бүгін аудан әкімі Абат Шыныбеков Жетікөл ауылдық округінің әкімі Салауат Ғабдуллин мен бірге Қосарал ауылының тұрғыны Талап Ырысовтың шаңырағында болды. 

Бұл үйде 103 - ке келген ауыл тұрғыны Қамида Балтеменқызы тұрады. Қамида әже ғұмыр бойы еңбектен ерінбеген адам. Жерлестері әжені қатты құрметтейді, өмір жолын өздеріне өнеге қылады.

Кейуанаға саулық пен ұрпақ қызығын тілеген аудан басшысы Абат Шыныбеков қарияға сый - сияпат ұсынды

«Сырым елі» қоғамдық - саяси газетінің редакторы Махмет Қажиахметов, аудандық мәслихаттың депутаты Досжан Тайшиев те лебіздерін білдірді.
Бауыржан Ширмединұлы,

Сырым ауданы