Сырым  ауданы, Қособа ауылдық округі әкімі лауазымына өтсем, осы кезге дейінгі алған білімімді және өмірден жинақтаған тәжірибемді округ тұрғындарының әл-ауқатын, тұрмыс-тіршілігін бұдан әрі жақсарту үшін және шаруашылық құрылымдарының экономикалық нығаюына жұмсаймын. Ауылдық округтың әлеуметтік-экономикалық және көкейкесті мәселелерін шешу үшін:

- Елбасының ұзақ мерзімді «Қазақстан-2050» бағдарламасы мен жыл сайынғы Қазақстан халқына жолдауларынан, «Nur Otan» партиясының бағдарламасынан туындайтын міндеттерді, Елбасы ұсынған бес институционалдық реформа «100 нақты қадам» Ұлт жоспарын орындау;

- «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту» бағдарламасы бойынша аз қамтылған отбасыларды әлеуметтік жағынан қолдау, жұмыссыздық деңгейін азайту, жұмыссыздарды және өзін-өзі жұмыспен қамтыған адамдарды жұмыспен қамтамасыз етуге жәрдемдесу, тұрғындардың күнделікті тұрмыстық жағдайларын жақсарту, сәтсіз отбасыларының болмауын,  ауыл тұрғындарының арасынан мал ұстамайтын отбасыларының санын азайту,  ауыл шаруашылық құрылымдарының санын көбейту бағытында ауыл әкімінің құзыреті шеңберінде мақсатты жұмыстар жүргізу;

- Қособа ауылдық округінің негізгі шаруашылығы – мал шаруашылығының өркендеуіне, шаруа қожалықтары мен жеке тұрғындарда мал бастарының көбеюіне және сапалы ветеринариялық ахуалдың қалыптасуына ықпал ету; Мал бордақылау алаңын ашу, оны жандандыру. Мал бағуды оны асылдандыруды ұйымдастыру;

- Шағын және орта бизнестің дамуына  жұмыстану, округте орналасқан  көл табандарға  су шығарумен жұмыстану, қыстақтардағы құдықтарды жөндеуге мүмкіндіктерді қарастыру. Шаруа қожалықтарының толыққанды жұмыс істеуіне, олардың субсидия және несиеге қол жеткізу жөнінде түсінік жұмыстарын жүргізу. Ауыл адамдарының тұрмыстық қажеттілігіне сай қызметтің көздерін ашу;

- Жергілікті тұрғындармен, қоғамдық келісім кеңесімен кеңесе отырып, ауыл тазалығы, көшелерді жарықтандыру, ауыл ішін абаттандыру және көгалдандыру, техникалық сумен қамтамасыз ету жұмыстары; Қатты тұрмыстық қалдықтар полигонын ретке келтіру және тұрғындардың қатты тұрмыстық қалдықтар тасымалын ұйымдастыру.

- Округ бойынша барлық мәселелердің ең бастысы болып табылатын – Қособа-Жымпиты  ауылдары арасында 30 шақырым және ауыл ішілік жолды қатқыл жолға айналдыру, ауыл ішіндегі тозығы жетіп тұрған электр желілерін бір-бірлеп жаңартуға жұмыстану;

- Елбасының «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» мақаласында «Туған жер» жобасының аясында мектеп түлектерінің басын қосып, осы ауылдан туып-өсіп жырақта жүрген жүрегі туған жер деп соғатын азаматтармен кездесу ұйымдастырып «Жомарт жүрек» акциясынның негізінде жасалатын жұмыстарды жыл сайынғы дәстүрге айналдыру;

- Қабілетті жастарға қолдау көрсетіп, олардың қоғамдық-саяси өмірге белсенді араласуына қол жеткізе отырып, мәдени шараларды уақытылы ұлттық салт-дәстүрге сай, жаңа технологиялық үрдісте өтілуін жүйелі жоспарга енгізу. Ауыл жастарының құқықтары мен заңды мүдделерінің сақталуын қадағалау, жаңа жұмыс орындарына олардың көптеп орналасуына, кәсіпкерлікпен айналысуына ықпал ету, жастар арасында патриоттық тәрбие беру, елдегі діни-тұрақтылықты сақтау, бұқаралық спортты дамыту, салауатты өмір салтын насихаттау, жасөспірімдер арасындағы қылмыстың алдын алу жұмыстарын жандандыру;

-  Білім, мәдениет орындарының материалдық-техникалық базасын жақсартуға көңіл бөлу.

 

Бұл атқарылатын жұмыстардың жалпы бағыттары. Болашақта осы бағдарламаға сәйкес аудандық мәслихат депутаттары және аудан әкімдігімен бірлесе отырып нақты жұмыс жоспарлары жасақталып, сол бойынша жұмыстар жүргізілетін болады.