Әкімдердің халық алдындағы есептік кездесуі бүгін Жетікөл ауылдық округінің орталығында өтті. Округ әкімі Салауат Ғабдуллин өзінің хабарламасында округтің 2016 жылдағы дамуы жайлы айтып өтті.

Аудан әкімі Абат Шыныбековтың есептік баяндамасының негізгі желісі осыған дейін аудандық басылымның бетінде жарияланды. Бұған қоса округ орталықтарындағы есептік кездесулерде Сырым ауданының 2016 жылдағы әлеуметтік - экономикалық дамуы жайлы дайындалған бейнебаян көрсетілуде. Аудан әкімі Абат Шыныбеков өзінің сөзінде негізінен ауданның жаңа жылға деген жаңа жоспарлары туралы айтты.

Жетікөл ауылдық округінің тұрғындары округтегі медициналық пунктқа "Жедел жәрдем" көлігі керектігі туралы мәселені көтерді. Себебі ескі көлік елдің әбден есін шығарған. Жүруінен тұруы көп. Бұл мәселе туралы аудандық орталық аурухананың Мұрат Дүсеев те хабардар болып шықты. Сауал шешімін табатын сыңайлы.

Жетікөл ауылдық округі биыл батыр Сырым Датұлының 275 жылдығына арналған ірі мәдени шараларды қабылдайды. Жергілікті тұрғындар шараларды жоғары деңгейде өткізуге ынта білдіріп отыр.