Бүгін аудан әкімі Абат Шыныбеков Жетікөл ауылдық округіне жұмыс сапарымен барды. Сапар барысында жаңа ғимаратқа орналасқан Қосарал ауылдық кітапханасының жұмысымен танысты.

Аудан басшысы Абат Шыныбеков округ әкімі Салауат Ғабдуллинге округ орталығын абаттандыру бағытында да бірқатар тапсырмалар берді.

Жетікөл ауылдық округінде дала реформаторы, батыр, шешен Сырым Датұлы дүниеге келген. Бұл округ биыл Сырым Датұлының 275 жылдығына арналған ірі мәдени шараларды қабылдайды.

Бауыржан Ширмединұлы,
Сырым ауданы