Сырым ауданында Астана күні мерекесіне арналған көпшілік велошеру өтті. Велошеруді "Қайсар" спорт клубы, Сырым аудандық жастар мен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығының бірлесіп ұйымдастырды. Шеруге аудан əкімі Төлеген Төреғалиев қатысты.

Велошеру сөресі Қаратөбе ауданына қарай жол бұрылысынан басталып, аудандық орталық алаңда мəресіне жетті. Орталық алаң сахнасында қатысушыларға берілген нөмірлері бойынша лоторея ойнатылды.

Көпшілік велошеруде "Белсенді отбасы" аталымына Жоламановтар ие болса, "Ардагер спортшы" аталымы Қайырғалиев Нұрмағамбетке, "Ең жас спортшы" атағы Чукуров Ренатқа берілді.