Бүгін елімізде Президент сайлауы өтуде. Сырым ауданында жергілікті уақытпен таңғы сағат 7-де сайлау учаскелері өз жұмысын бастады. Дауыс беру 20.00-ге дейін жалғасады. Ауданда 12381 сайлаушы 29 сайлау учаскелерінде дауыс беріп, таңдауларын жасайды.

Мемлекеттік әнұран ойналып, сайлау учаскелерінің жұмысы салтанатты рәсіммен басталды. №290 сайлау учаскесінде сайлау комиссиясының төрағасы Жалғас Жоламанов сөз сөйлеп, дауыс беруге бірінші болып келген ардагерлерге, алғаш дауыс бергелі тұрған жас сайлаушы Арман Әкімжанға естелік сыйлықтар табыс етті. 

Сырымдық сайлаушылар дауыс беруге белсенді қатысуда. 
Бақылаушылар да өз жұмыстарына кірісті.