Бүгін Сырым ауданында мектеп бітірушілер үшін Ұлттық бірыңғай тестілеу басталды. Тесталды өткен салтанатты шарада Сырым ауданының әкімі Төлеген Төреғалиев сөз сөйледі.

- ХХІ ғасырда адамзат үшін білімнен асқан қару жоқ. Қазақ жастары болашақтың есігін біліммен ғана аша алады. Бүгін Сіздер болашақ биігіне жауапты қадам жасағалы тұрсыздар! Білім сынағында жолдарыңыз болсын! - деді аудан әкімі түлектерге.

ҚР Білім және ғылым министрлігі өкілдерінің жетекшісі Нұржан Толыбаев тестілеудің барлық заң талаптарына сәйкес өтетін атап өтті.

Ұлттық бірыңғай тестілеу орталығының Сырым ауданындағы филиалының басшысы Тілек Есенғалиевтің айтуынша, тестілеуге аудан бойынша 152 түлек қатысуда. Бұл - Сырым ауданындағы мектеп бітірушілердің 90 пайызын құрайды.

Жымпиты ауылындағы #770 ҰБТ өткізу пунктінде 3 аудитория жұмыс жасауда.