ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, "Құрмет" орденінің және Халықаралық "Алаш" әдеби сыйлығының иегері, Мемлекеттік сыйлықтың иегері, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, ақын, Ақұштап Бақтыгереева ауданымызға келді. Ақынды Сырым ауданы әкімі Төлеген Төреғалиев пен аудандық мәслихат хатшысы Шынар Дүйсенғалиева Қаратөбе ауданы жолында қарсы алды. 

Қазақы құрметпен ақынға және қасындағы қонақтарға ақ дәм мен бауырсақ ұсынылды. Әнші, термеші Мұхамбет Мамықов ауылдың алты ауызына салды. Айта кетейік, ақын Ақұштап Бақтыгерееваның мерейлі 75 жасқа толуына орай ауданда "Жайықпен жаны егіз Ақұштап" атты әдеби сазды шара өтеді.