Өткен жыл Қособа ауылдық округі үшін табысты болғаны анық. Себебі, тұралап тұрған мәселелердің дені былтыр шешілді. Ауыл мектебі күрделі жөндеуден өтті. Ұялы байланыс орнатылды. Ірі - ірі мәдени шаралар ұйымдастырылды. Бұл жаңалықтардың бәрі де жұрттың көз алдында болды. 

Әкімнің хабарламасы бойынша сөз сөйлеген жергілікті әйелдер кеңесінің төрайымы Мәдина Жұмағұлова жасалған жұмыстарға оңынан баға берді. 
Қособа ауылдық округі басқа округтерден жастардың қоғамдық қозғалысымен де ерекшеленіп тұр. Енді, бұл округке жастармен жұмыс жасайтын маман керек. Жас ұстаз Райгүл Бабашева осы мәселені көтерді. 

Жырақұдықтықтар осы сияқты электр жарығы, жол, санитарлық жағдай төңірегінде ұсыныстарын айтты.
Есептік кездесуді аудан әкімі Абат Шыныбеков қорытындылады.