10.08.19ж

Бүгін облыс әкімінің орынбасары Ғабидолла Оспанқұлов Сырым ауданына іссапармен келді. Облыс әкімінің орынбасары Сырым аудандық полиция бөлімінің аудан орталығы көшелеріне орнатқан бейнекамералардың жұмыс жасау жүйесімен танысты.


Бейнебақылау камералардың жұмысы туралы Сырым аудандық полиция бөлімі бастығының бірінші, полиция полковнигі Бақытберген Өтеев орынбасары таныстырды. 
– Жол ережесін орындау, қауіпсіздігін белгісін тағу сияқты мәселелерде талапты орындамаған көліктерді анық көріп отырамыз. Бізде қазір «Қауіпсіз аула мен тұрмыс» деген профилактикалық шаралар жүріп жатыр. Профилактикалық іс-шара аясында қоғамдық орындарда заң бұзушылықтың орын алмауын қадағалаудамыз. Бейнекамера 360 градусқа дейін бұрылып, жан-жағын түгел 50 шақырымға дейін көрсете алады. Өте таза, анық көрсетеді. Қатты желде қорқыныш жоқ, радиокөпір арқылы жұмыс жасайды. Күнде кезекші мониторинг жасайды, -деді. «Камералардың бәрін қарап отыруға компьютердің күші жете ме?» деген Ғабидолла Абдоллаұлының сұрағына Бақытберген Қазмолдаұлы: «Жетеді» деп жауап берді.