13.08.19ж

Латын әліпбиіне көшу жұмыстары Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласынан бастау алып, 2017 жылғы 26 қазандағы «Қазақ тілі әліпбиін кириллицадан латын графикасына көшіру туралы» Жарлығы негізінде жүзеге асырылып келеді.

ҚР Премьер-Министрінің төрағалық етуімен 2018 жылғы 6 желтоқсанда өткен Ұлттық комиссияның алтыншы отырысында Қазақ тілі емлесінің негізгі ережелерінің жобасы жалпы мақұлданып, республикалық деңгейде ақпараттық түсіндіру жұмыстары жүргізілуде. Соның бірі, 2019 жылдың 13 тамыз күні облыстық тілдерді дамыту басқармасының бастамасымен ауданымызда «Латын керуені» атты республикалық көшпелі семинар-тренинг ұйымдастырылып, жергілікті қоғамдық пікір көшбасшыларының, мекеме қызметкерлерінің, жастар, зиялы қауым, ақсақалдар, аналар кеңесі, ҮЕҰ, БАҚ өкілдерімен қоса аудан тұрғындары қатысуымен барлығы 263 тұрғын қамтылды. 
«Латын керуені» атты республикалық көшпелі семинар-тренингті аудан әкімінің орынбасары Асыланбек Ахметоллаұлының төрағалығымен ақпараттық-түсіндіру тобының мүшесі «Шайсұлтан Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығы директорының кеңесшісі, тіл жанашыры Асанғазы Оразкүл Асанғазықызы, облыстық тілдерді дамыту басқармасының басшысы Айгүл Әділгерейқызы Мыңбаева, «Рухани Жаңғыру» бағдарламасын өңірлік жобалық кеңсесінің жетекшісі Салтанат Асқарқызы Туманбаева қатысты. Семинар-тренингті соңынан тұрғындар келген ақпараттық насихат топ мүшелерімен емін-еркін жекелей көкейлеріндегі сұрақтарын қойды.