16.08.19ж

Бүгін Сырым ауданында «Сырым жастары» қоғамдық бірлестігінің құрылғанына 15 жыл толуына орай ауқымды шара өтуде.

Шара бағдарлағамаға сай екі күнге жоспарланған. Алашорда көшесінде «SJ» жастарға арналған коворкинг орталығының ашылу рәсімі болды. Орталықтың ашылу салтанатына аудан әкімінің орынбасары Асланбек Сарқұлов, аудандық мәслихат хатшысы Шынар Дүйсенғалиева, Батыс Қазақстан облыстық жастар саясаты мәселелері басқармасының бөлім басшысы Бақберген Абылов, ардагер спортшы Ғилаж Қаналиев, шақырылған қонақтар қатысты. 
Аудан әкімінің орынбасары Асланбек Сарқұлов сөз сөйлеп, ауданда жастар саясаты қарқынды дамып келетінін, ашылып жатқан ғимаратқа құтты болсын, меймандарға қош келдіңіздер айтты. Батыс Қазақстан облыстық жастар саясаты мәселелері басқармасының бөлім басшысы Бақберген Абылов облыста жастар ісінің алға қойылғаны туралы мәлімдеді. Жастар атынан Орал қаласындағы Назарбаев зияткерлік мектебінің түлегі, Еуразия Ұлттық Университетінің құрылыс мамандығында білім алып жүріп, Қазақстан Республикасы Ғылым және білім министрлігінің қолдауымен Польшаның Гливице қаласындағы Силлезия Техникалық университетіне жолдама алған, үш тілде еркін сөйлейтін Сырым ауданының тумасы Саят Нұрлан сөйледі. Лента қию рәсімін ардагер спортшы, ұстаз Ғилаж Қаналиев пен жас хирург-дәрігер Қасым Бисенғалиев жүргізді.