Президенттік жастар кадр резервіне өтінімдерді қабылдау ағымдағы жылғы 1 қыркүйектен басталды. Құжаттарды қабылдау үшін автоматтандырылған онлайн-платформа іске қосылды.

Президенттік жастар кадр резервінің іріктеуіне қатысты мәліметтермен толық танысу және тіркелу үшін үміткерлерге бар болғаны PKRezerv.kz сайтына кіру қажет.