Шағырлойдағы шаттық     14.07.19ж                          

 

    Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында Сырым ауданы Сарой ауылдық округінің Шағырлой ауылында «Спорт алаңы» ашылды.

«Туған жерге туыңды тік!» форумынан кейін ауылдық округтен шыққан кәсіпкерлер, ауыл азаматтары, мектеп түлектері бас көтеріп ауылға көрікті нысан –спорт алаңын салып берді.

 

Сарой ауылдық округі әкімі Айбол Жакиевтің айтуынша, спорт алаңы жеке кәсіпкерлер және 1964-1987 жыл аралығындағы түлектердің демеушілігімен салынған. Жоба құны 7 млн теңге.

    Ауылдық округтің орталығы Шағырлой ауылын абаттандыру аясында ЖББ Абай орта мектеп балабақшасына ойын алаңын салу, кіреберіс ауылдық округтің белгісін орнату жұмыстарының жобалары және саябақ салу жоспарда. Ашылу салтанатының соңында Айбол Каримоллаұлы ауыл тұрғындарына қуаныш сыйлаған жомарт жандарды алғыс хаттармен марапаттап, алғысын жаудырды.