Бүгін Сырым ауданында Шолақаңқаты ауылдық округі әкімін сайлау өтті. Сайлауалды аудандық сайлау комиссиясының төрағасы Өтеген Уашев таңдаушылармен кездесті. 11.09.19ж.

 

    Округ әкімінің сайлауына аудандық мәслихат депутаттарының 12 – сінің 9 – ы, яғни 75 % - ы қатысты. Осыған дейін әкімдікке үміткер болып тіркелген тұлғалар депутаттар алдында өздерінің сайлауалды бағдарламаларын таныстырған болатын. Таңдаушылар үміткерлерді таңдау кезінде олардың еңбек тәжірибелеріне, бағдарламаларына ерекше назар аударды.

     Сырым аудандық сайлау комиссиясының хабарлауынша, аудандық мәслихат депутаттарының көп дауысын жинаған Ерлан Журалиев Шолақаңқаты ауылдық округінің әкімі болып сайланды.

Журалиев Ерлан Шалбайұлы бұған дейін Сырым ауданы әкімдігінің Бас инспектор- заңгері болып жұмыс атқарды.