Аудан бойынша «Жас кәсіпкер» жобасы аясында 42 адам оқып, 27-і грант иегері атанды.

Осы жоба аясында Жымпитыда жас кәсіпкерлерге арналған «БАСТА» форумы өтті.
Жаңадан кәсіп бастаған жас кәсіпкерлерге аудан әкімінің орынбасары Ерболат Ахметов сәттілік тілеп, аудан жастарының өз кәсібін бастап, халықты жұмыспен қамтып ел игілігі үшін қызмет етіп, жұмыссыздықпен күресуіміз керектігін айтты. Форум қонақтары «Атамен» кәсіпкерлік палатасының Қаратөбе аудандық филиалының директоры Асхат Тойшыбаев, ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау АҚ-ның несиелеу департаментінің менеджері Ербұлан Тушкенов, жас кәсіпкер жобасының қатысушылары, грант иегерлері Серік Комитетов, Таңат Ізтілеуов, Ғаділет Орынбай. Жас кәсіпкерлердің айтуынша адам бір кәсіпті бастауы үшін ең алдымен сол кәсіпті дөңгелендіріп әкететініне сенімді болуы тиіс және бойындағы еріншектік пен күресу керек. Ербұлан Талғатұлының айтуынша, статистика бойынша несие алуда адамдардың 70-80% мал шаруашылығымен айналысуға ниеттілер. Несие алудың да өзіндік талаптары бар. Қаржылық анализ жүргізу арқылы, несие алуға ниеттілердің сұранысындағы сала сұранысқа ие ме жоқ па, қанша қаржы бөлген дұрыс деген мәселелерге баса назар аударылады екен.