Бүгін Сырым ауданының әкімі Төлеген Төреғалиев Батыс Қазақстан облысының өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында баспасөз мәслихатын өткізді.

Аудан әкімі мәслихатта Сырым ауданының тоғыз айдағы әлеуметтік - экономикалық дамуы туралы баяндап, журналистердің сұрағына жауап берді.

Ақпарат өкілдері жеке сектордағы мал басын асылдандыру, күзгі жиын - терін, аудандағы кадр тапшылығы мәселелерін қозғады. Төлеген Төреғалиев кадр тапшылығы бар екендігін, әсіресе, мемлекеттік қызмет саласында кадрлардың тапшы екенін, бухгалтерлердің жоқ екенін айтты. Негізгі мектептер де мұғалімдерге зәру.
-  Сырым ауданында жас мамандарға қолдау үздіксіз жасалып жатыр. Денсаулық сақтау және білім беру салаларының мамандарына барлық қолайлылықты ұсынып отырмыз. Ал, жеке сектордағы мал басын асылдандыру бойынша тәжірибелер жүзеге асырудамыз. Бұл бағытта ауданда 13 ауыл шаруашылық кооперативі жұмыс жасайды. - деді Төлеген Серікқалиұлы брифингте.