Аудандық ішкі саясат бөлімінің «Ашық есік» күндері Бұлдырты, Жосалы ауылдық округтерінде жалғасын тапты. 

Бұлдырты ауылындағы тұрғындармен кездесу жиынын ауыл әкімі Ерлан Мақашев кіріспе сөз сөйлеп ашқан соң, аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Досжан Тайшиев, жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталықтың басшысы Нұртілеу Болат, аудандық деструктивтік діни ағымдардан жапа шеккендерге көмек көрсету орталығының теолог маманы  Рауан Ержанұлы, аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімнің жасақтау қызметінің  басшысы Қайрат Қонақбаев,  аудандық «Сырым елі»  қоғамдық-саяси газетінің жауапты хатшысы Мүсірбек Айташев өз салалары бойынша  тоқталып, атқарылып жатырған жұмыстардан хабардар етті. 
Жиын барысында діни ахуал, жастар мәселесі, басылымдарға жазылу жәйі сөз болып, тұрғындар тарапынан айтылған нақты ұсынбалар қатерге алынды. 
Осындай тұрғындармен кездесу жиыны Жосалы ауылында болды.  Жиында ауданнан келген сала өкілдері Д.Тайшиев, Н.Болат, Ж.Ерсайынов, Қ.Қонақбаев, М.Айташев тұрғындарды өз салалары бойынша атқарылып жатырған жұмыстардан хабардар етіп, қойылған сауалдарға жауаптар берді.