Сырым ауданы әкімінің орынбасары Асланбек Сарқұлов жергілікті қауымдастық жиынында аудандық аумақтық сайлау комиссиясының қаулысына сәйкес Жымпиты ауылдық округі әкімінің өкілеттік мерзімі тоқтатылған   әкімінің орнына   кандидаттарды таныстырды. 

 

Жымпиты ауылдық округінің әкіміне үміткерлер Саламат Хамидоллаұлы Иманғалиев, Бекболат  Бекетұлы Мұхамбетжан, Салауат Жолайұлы Нұрпейісовтердің өмірбаяны мен еңбек жолдарымен таныстырды. 
«Nur Otan» партиясының Сырым аудандық филиалының төрағасының бірінші орынбасары Талғат Дарғожиев, аудандық мәслихаттың Қарасу сайлау округі бойынша депутаты Серік Тоқмамбетов пікірлерін білдіріп, қай кандидат сайлаудан өтсе де,  қоян-қолтық жұмыстануға дайын екендіктерін айтты. Ауыл тұрғындары Ахмет Батыршин, Айсұлу Кулжановалар көкейде жүрген айтып, болашақ әкім ауылдың мәселесіне көңіл бөлсе деген ұсыныстарын жеткізді. 
Айта, кетейік, Жымпиты ауылдық округі әкімінің сайлауы  8 қарашада өтеді. Әкімді аудандық мәслихат депутаттары сайлайтын болады.