Жасдәуреннің иелігінде 20 – ға жуық ірі қара, 60 –қа тарта ұсақ мал бар. 10 бас ірі қара арнайы аулада бордақылауда тұр. Бордақылауда тұрған ірі қараның ішінде қазақтың ақбасы, симментал, тіпті герефорд тұқымдары кездеседі. Малдың иесі тұқымды түрлендіруге бастаған жұмысы сапалы болуы үшін барып отырғанын айтады. Қазір бордақылаудағы малдар айына есептегенде тірі салмағына 30 келіден қосып келеді. Мамандардың айтуынша, бұл - жақсы нәтиже.
Бордақылау арқылы мал иесі өзі үшін жұмыс жасайды. – дейді Жасдәурен Жақсылықов бізге.

Бауыржан Ширмединұлы,
Сырым ауданы