Бүгін «Нұр Отан» ғимаратының мәжіліс залында аудан әкімінің орынбасары А.Саркуловтың төрағалық етуімен Сырым Датұлының туғанына 275 жыл, Алашорда үкіметінің құрылғанына 100 жыл, Ж.Досмұхамедовтың туғанына 130 жыл толу мерейтойлық шараларды атап өтуге қатысты іс-шаралар жоспарын талқылау мақсатында тарихшылармен кездесу өтті. 

Аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Е.Исанов аталмыш мерейтойларды атап өтуде ұйымдастырылатын шаралармен таныстырды. Жиында тарихшылар өз ұсыныстарын білдіріп, ойларын ортаға салды. 
Жиынды аудан әкімінің орынбасары А.Саркулов қорытындылады.