Салтанатты шарада аудан әкімі Төлеген Төреғалиев сөз сөйлеп, Тұңғыш Президентіміздің «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында  ауданда атқарылған толайым істерге тоқталып, 16 млн теңгеге қол қойылған момерандум бойынша жасалған жұмыстарды атады.
Аудан басшысы «Жомарт жүрек» премиясын  Ернар Байдашев, Ақболат Изболатов,  Бейбіт Исмагулов,  Бұлан ауылдық округінің  2009 жылы мектеп бітірген түлектері, 1994 жылы мектеп бітірген түлектері Жетікөл ауылдық округінің 2016 жылы мектеп бітірген түлектері, 1979 жылы мектеп бітірген түлектері,  Жосалы ауылдық округінің 1989 жылы дүниеге келген түлектері, 1982 жылы дүниеге келген түлектері Арнат Жұмағұлов,  Айдынғали Балғали,  Жасталап Жалғасбаевтарға табыс етті. 
«Жомарт жүрек» премиясының «Жыл меценаты» аталымы  Мақсот Берген, «Жыл жаңалығы» аталымы Нұрсұлтан Зайзағали, «Туған өлке» аталымы Жеңіс Шапешов, «Үздік кәсіпкер» аталымы Медет Сапиев,  «Жылдың үздік ұйымы» аталымы «Сырым елі» қоғамдық-саяси газеті, «Үздік жас өнерпаз»  аталымы Сәндібек Өтеғалиев, «Үздік жас мемлекеттік қызметші» аталымы Ақмаржан Оразаева,  «Әлеуметтік саланың дамуына қосқан үлесі үшін» аталымы Сейтжан Мұхитов, «Үздік жас ұстаз» аталымы Төлеген Құрашев, «Жыл қайырымдылығы» аталымы Тұрар Дәулетов, «Үздік жас спортшы»  аталымы Ерсұлтан Талғатов, «Алтын ұя» аталымы Шөлеуовтар отбасы, «Үздік денсаулық сақтау қызметкері» аталымы Айжан Махметова, «Үздік түлектер»  аталымы Жымпиты ауылдық округінің 1982 жылы дүниеге келген түлектеріне салтанатты түрде табыс етілді.
«Nur Otan» партиясының «Jas Otan» жастар қанатының облыcтық филиалының  алғысхатымен Айкөркем Тұрланова, Қайсар Халит, Айгерім Серікқалиева марапатталды.
Марапаттау рәсімінен соң, шара мүмкіндігі шектеулі жандардың қолымен жасалған бұйымдардың аукционымен жалғасты. Аукционда  қолөнер  бұйымдарын бағасын екі-үш есеге көтеріп,  кәсіпкерлер сатып алды. Ең жоғары сомаға  екі қонақ көрпе 50000-ға сатылды. Оны Мұратбек Мұхамбедиев  алды.

 

 

.