Өткен жұма күні аудан орталығында Жымпиты ауылдық округі әкіміне үміткерлермен кездесу жиыны болып, оған аудандық мәслихаттың депутаттары, аудандық сайлау коммисиясының төрағасы Өтеген Уашев қатысты.


Үміткерлермен кездесуге арналған жиынға аудандық мәслихат хатшысы Шынар Дүйсенғалиева төрағалық етіп, жүргізді. Ауыл әкіміне үміткерлер Саламат Иманғалиев, Бекболат Мухамбетжанов, Салауат Нұрпейісов өздерінің сайлауалды бағдарламаларымен таныстырды.
Кездесу жиынында аудандық мәслихаттың депутаттары Серік Тоқмамбетов, Асхат Дүйсенғалиев ауыл әкіміне үміткерлердің еңбек жолдарына тоқталып, өзіндік ой-пікірлерін, ұсынбаларын айтты, болашақ әкімнің тұрғындармен бірлесе қызмет ете білетіндігіне сенімдерін білдірді.
Жиынды аудандық мәслихат хатшысы Ш.Дүйсенғалиева қорытындылап, алдағы ауыл әкімінің сайлауы күніне сәттілік тіледі.

 

.