«Қайсар» спорт клубы және аудандық ардагерлер кеңесінің ұйымдастыруымен өткен спорттық шараға 12 команда, барлығы 66 адам қатысты. Жарыстың ашылу салтанатында   мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Салауат Нұрпейсов, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Әнуарбек Ғалымов сөз сөйлеп, жарысқа қатысушыларға сәттілік тіледі.  Күні кеше ғана  Кипрдің Лимасол қаласында спорт шеберлері арасында өткен самбодан әлем чемпионатында қола жүлдегер атанған  жерлесіміз, «Қайсар» спорт клубының Алғабас ауылдық округі бойынша әдіскері Ғанимат Жұбашевты «Nur Otan» партиясы Сырым аудандық филиалы төрағасының  бірінші орынбасары   Талғат Дарғожиев құттықтап, аудан әкімінің алғыс хатын және спорттық костюм табыс етті. Сөйтіп, додадағы жарыс қортындысы бойынша, асық атудан І орын Ж.Жұматов, ІІ орын А.Оразғалиев, ІІІ орын Б.Қайырғожин, қол күресінен 70 кг дейін І орын К.Жұбанғалиев, ІІ орын К.Абузаров, ІІІ орын С.Шынбергенов +70 кг І орын Б.Азбергенов, ІІ орын Қ.Таженов, ІІІ орын Қ.Ситеков, дойбыдан І орын Н.Жұмағалиев, ІІ орын А.Дабаров, ІІІ орын Г.Хайырсапиевке бұйырды. Жалпы командалық есеп бойынша І орын Қособа, ІІ орын Бұлдырты, ІІІ орын Жымпиты ауылдық командалары еншіледі. Ардагерлер арасында оздырылған спорттық шараға  ардагерлер белсене қатысып тартысты ойын көрсете білді.