Бүгін жастар орталығында «Жолың болсын, жас сарбаз!» атты  әскер қатарына аттанған жастарды шығарып салу рәсімі өтті.

Ақтау қаласындағы Жаяу теңіз  әскерлері К-226, 25744 әскери бөліміне Жымпиты ауылынан Бағдат Жұмағұлұлы Молдабек, Талдыбұлақ ауылынан Дәулет Мергенұлы  Кәкібаев, Ақтау қаласындағы Әуе қорғаныс күштері К-113 51509 әскери бөліміне Қособа ауылынан Айберген Қонысбекұлы Ерген мен  Нұрберген Қонысбекұлы  Ерген аттанды.
Шараға Сырым ауданы әкімінің орынбасары Асланбек Сарқұлов қатысып, сөз сөйлеп,  әскерге аттанғалы тұрған жастарға естелік сыйлық табыс етті. Сырым аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің басшысы Абат Дүйсембиев жігіттерді жігерлендіре сөйлесе, «Сырым сарбаздары» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Серік Сарғозиев әскерде болатын қызықты оқиғаларадан естелік айтты. Жымпиты ауылдық ардагерлер кеңесінің төрағасы Ғилаж Қаналиев  Отан алдындағы борышын өтеуге аттанғалы отырған жастарға ақ батасын берді.
Әскерге шақырылушылардың ата-аналары, әскери борышын өтеп оралған Сәбит Айдарұлы болашақ сарбаздарға ақ жол, сәттілік тіледі. Шараға Сырым колледжінің студенттері, Ж.Досмұхамедов атындағы орта мектептің 11-сынып оқушылары қатысты.

 

 

.