Жұлдыз Қуандықтан бөлек, топтың қатарында Сырым орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Гүлжанат Бақытжанова, Ж. Досмұхамедов атындағы жалпы білім беретін мектеп – балабақша кешенінің физика пәнінің мұғалімі Әспембет Қайыржанов, Бұлдырты орта мектебінің тарих пәнінің мұғалімі Жасқанат Несіпқалиев, педагог – психолог Іңкәр Қадырова секілді жас педагогтар болған.
Чемпионат төрт аймақ бойынша өткен. «Кретив» аймағында командалар әдістемелік алаңда қысқа мерзімді сабақ жоспарын тексеріп, өзгеріс енгізсе, «Сын тұрғысынан ойлау» аймағында қатысушылар мектеп өмірінде кездесетін жағдаяттарды шешуге өз ұсыныстарын ұсынған. Сынып жетекшілерінің біліктілігін «Персоналды басқару» аймағы сынаса, топтардың ұйымшылдығы, ұйымдастыру қабілеті «Адамдармен өзара іс - қимыл» аймағында танылған.
Айта кетейік, «Элита» тобы 14 команданың арасынан үздік шығып отыр.

«Сырым елі»

 

 

.