Бүгін Сырым аудандық мәслихат хатшысы Шынар Дүйсенғалиева бастаған мәслихат депутаттары мен қоғамдық кеңес мүшелері аудан орталығы Жымпитыда салынып жатқан үш қабатты тұрғын үйдің құрылыс жұмыстарын көріп, бақылап қайтты.

Құны 410 млн 297 мың теңгені құрайтын үш қабатты үйдің құрылысын «БатысКотлоМонтаж» ЖШС  жүргізуде.  Құрылыс 25 шілде күні басталған болатын. Мұндағы 36 пәтердің 18-і екі бөлмелік, қалған жартысы үш бөлмелік. Әр пәтердің аумағы орта  есеппен 66 шаршы метрді құрайды.
Бүгінде үйдің соңғы қабаты тұрғызылуда. Ішкі сылау, еденін құю, төменгі қабаттан бастап есік-терезелерін орнату жұмыстары жүргізілуде. Үй келесі жылы пайдалануға беріледі.

 

 

.