Оқу-жаттығудың барысына азаматтық қорғаныс бастығы, аудан әкімі Төлеген Төреғалиев, аудандық төтенше жағдайлар  бөлімінің бастығы, азаматтық қорғау майоры Ғабит Жасталап, аудан әкімінің орынбасары Ерболат Ахметов қатысты.

Өткізілген өту-жаттығу кезінде қатысқан барлық саланың қызметкерлері сапқа тұрғызылған, төтенше жағдай орын ала қалған кезеңдегі қолданылатын техникалардың, құрал-жабдықтардың, алғашқы көрсетілер дәрігерлік көмектердің әзірліктері пысықталды.
«Қыс-2019» республикалық командалық штабтың өту-жаттығуларына қатысушы топтардың төтенше жағдайдың алдын алудағы іс-қимылдарына басшылық тарапынан жылы пікірлер айтылды.

 

.