Аудан әкімі Төлеген Төреғалиев жұмыс сапарымен "Ашық есік" аясында Бұлдырты ауылдық округінің тұрғындарын қабылдады. Бұлдырты жұртшылығы жұмыссыздық, әлеуметтік көмек алу бойынша сұрақтарын жолдаса, басшылық тарапынан мәселелерді шешуді аудан әкімі тиісті бөлім басшыларына тапсырды.

Қабылдаудан кейін Төлеген Серікқалиұлы балалар интернатындағы жағдайды көзбен көріп, балалармен жүздесті. Интернатта 4-сынып пен 11 сынып оқушылары тәрбиеленуде. Тәрбиеші Айсұлу Кукенованың айтуынша, балаларға барлық жағдай жасалған, 4 мезгіл тамақпен қамтамасыз етілген.

 

.