Жосалыда спорт алаңының ашылу салтанаты өтті. Шарада аудан әкімі Төлеген Төреғалиев қуанышқа жиналған жұртшылықты құттықтап, жылы лебізін білдірді.

Спорт алаңының лентасын қию рәсімі қоғамдық келісім кеңесінің төрағасы Асан Жүсіпов пен Жосалы ауылдық округінің ардагерлері кеңесінің төрағасы Батырғали Жәңгірхановқа бұйырды.
Мердігер Ербол Қошанов А.Жұмағалиев атындағы мектептің директоры Әскербек Тәжғалиевке спорттық алаңға қажет доп, т.б.сыйға тартты.
Ауыл жастарының қуанышында шек болмағаны сонша, бірден доп тебуге қызу кірісіп кетті.

 

.