Шарада аудан әкімі Төлеген Төреғалиев тұрындарды спорт алаңының ашылуымен құттықтады. Жоба құны 15 млн 700 мың теңге. Мердігері "АйТемірҚұрылыс"ЖШС.
Жерлестеріне қолдау білдірген "Арай" шаруа қожалығының өкілі, аудандық кәсіпкерлер палатасының басшысы Айдынғали Балғалиев теңбіл доп шеберлеріне футбол ойнауға арналған формаларды сыйға тартты.
Салтанатты ашылу рәсімінің лентасын Талдыбұлақ ауылдық округінің ардагерлер кеңесінің мүшесі Аманғали Телегенов пен самбо күресінен аудандық, облыстық жарыстардың жүлдегері Қадырбек Нұғман қиды.
Шараның көркін "Ақ ырыс" би тобының қыздары кіргізе түсті.