Кеше облыстық "Орал өңірі" қоғамдық - саяси газетінің бас редакторы Бауыржан Ғұбайдуллин сырымдық оқырмандармен кездесті. Кездесуге Сырым ауданы әкімінің орынбасары Асланбек Сарқұлов қатысты.

Бауыржан Файзоллаұлы облыстық газеттің бетінде Сырым өңірінің жан қуантар жаңалықтары да, нақты фактілерге құрылған мәселелері де жарияланып жиі жарияланып тұратынын, былай айтқанда Сырым ауданының қоғамдық - саяси өмірі қамтылып жатқанын айтты.
Ендігі мақсат - осы материалдарды оқитын сырымдық оқырмандардың қатарын қалыңдату.  Бас редактор "Орал өңірін" аудандағы дәрігерлер, кітапханашылар және  әлеуметтік қызметкерлер ұжымымен оқитынын атап өтті.
Сырым ауданындағы оқырмандар мен мекеме қызметкерлерінің газеттегі жарияланымдарға жиі үн қосып, бастамаларына қолдау көрсетуде белсенді екенін аудандық "Сырым елі" газетінің редакторы Бауыржан Ширмединұлы айтты. Аудандық газеттің редакторы әрбір "Сырым елі" - әр жанұяға" ұранына қолдау көрсетуге шақырды.
Сырым аудандық "Балдырған" балабақшасының меңгерушісі Ғалия Балпейісова "Сырым елі" газетіне электронды жазылуды ұйымдастыру жайлы ұсыныс айтты.

.