Бүгін Сырым аудандық білім беру бөлімінің ұйымдастыруымен ЖББ Ж.Досмұхамедов атындағы ОМБК базасында ауыл балаларына арналған IQanat олимпиадасы оздырылды.


IQanat олимпиадасының  негізгі мақсаты: дарынды, қабілетті оқушыларды анықтау және қолдау, ауыл оқушыларының шығармашылық, танымдық, зияткерлік бастамаларын жандандыру, оқушылардың математика, физика, ағылшын тілі және әдебиет сияқты пәндерді оқуға қызығушылығын қалыптастыру, ауылды жерлердегі зерек балаларды қолдау, олардың отандық және шетелдік университеттерде білім алуына мүмкіндік беру.
Аталған олимпиаданың ашылу салтанатына Сырым ауданы әкімінің орынбасары  Асланбек Ахметоллаұлы Саркулов,  IQanat білім беру қорының  Батыс Қазақстан облысы бойынша үйлестірушісі Утебаев Еділ Ерқасымұлы, Альжанова Гульнара  және 2018–19 оқу жылы IQanat олимпиадасының аудандық, облыстық кезеңінің жеңімпаздары, республикалық кезеңінде бақ сынағандар қатысты.
Олимпиаданың аудандық кезеңіне  барлығы 132 оқушы қатысты. Қатысушылар өздері таңдаған  математика, физика, ағылшын және эрудит бөлімдері  бойынша білім деңгейлерін сынады.
Аудандық кезеңнен өткен 9 сынып оқушылары олимпиаданың облыстық және республикалық кезеңіне қатысуға мүмкіндік алады.

.