Бүгін Х.Бөкеева атындағы облыстық қазақ драма театрында Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың "Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру" бағдарламалық мақаласы аясында туған жерін гүлдендіруге үлес қосқан ауыл азаматтары мен табысты кәсіпкерлерге дәстүрлі "JOMART JÚREK" премиясы табысталды.


- Осы шарада Қ.Мырзалиев атындағы орта мектебінің 1998-1999 жылғы түлектері "Туған өлке" аталымы бойынша марапатталып, "JOMART JÚREK" премиясына ие болды. - деп хабарлайды түлектердің бірі, облыстық "Ел және мұғалім" газетінің  редакторы Жанбол Галиев.
Айта кетейік, биыл 20 жылдық кездесу алдында Сырым ауданының Қ.Мырзалиев атындағы орта мектебінің 1998-1999 жылғы түлектері ауыл балалары үшін мектеп ауласынан 2 млн 600 мың теңгеге "Street Workout" спорттық алаңын салып берген болатын.
Премияны "Nur Otan" партиясы Батыс Қазақстан облыстық филиалының төрағасының бірінші орынбасары Мұрат Мұқаев тапсырды.

.