15 қараша – Ұлттық валюта теңге дүниеге келген күн бүгінде қаржыгерлердің төл мерекесі ретінде аталып кетті.


Ауданда қаржы саласының үздіктері атанған бір топ мықтылар аудан әкімінің алғыс хатымен марапатталды. Аудандық мемлекеттік кірістер басқармасының салық төлеушілермен жұмыс бөлімінің бас маманы Қайрат Абсатыров, «Халық Банк» АҚ Батыс Қазақстан облыстық филиалының аудандық бөлімшесінің бақылаушы-кассирі Светлана Габдуллина, аудандық қазынашылық басқармасының бас маман-бас қазынашысы Ақгүл Иманғалиева, «Халық Банк» АҚ Батыс Қазақстан облыстық филиалының аудандық бөлімшесінің менеджері Әлібек Исмагулов, аудандық ветеринария бөлімінің маман-есепшісі Бахытжамал Камалиева, Алғабас ауылдық округ әкімі аппаратының бас маман-есепшісі Гүлфия Мусинаны аудан әкімінің орынбасары Ерболат Ахметов құттықтап, алғыс хаттарды табыс етті.